Тарихы

E-mail Печать PDF

Мектеп тарихы

 

№45 қазақ орта мектебі 1986 жылы 1-қыркүйекте ашылды. Мектепке 1990 жылы қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлының есімі, 1992 жылы гимназия мәртебесі берілді.

Мектеп болып құрылған 1986 жылдан бері барлығы 1186 түлек бітіріп шықты. Соның ішінде үздік аттестатқа бітіргендер- 100, «Алтын белгі» иегерлері-29.

Гимназияның бірінші директоры - Садықова Айман Садыққызы

Садықова Айман Садыққызы 1950 жылы 29 қазанда Жамбыл облысы Байқадам селосында дүниеге келген. 1972 жылы Абай атындағы Қазақ Педагогикалық институтының жаратылыстану факультетін бітірді.

                1986 жылдан – 2001 жыл мамыр айына дейін директорлық қызмет атқарды.

Ерен еңбектері еленіп «Білім беру ісінің үздігі» атағы берілді, Ы.Алтынсарин медалімен, «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.

Алғашқы ұжым мүшелері

Мектептің қазіргі директоры

 

Ниязбекова Айша Бердешовна 1954 жылы 30 қарашада Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы қала маңындағы совхозда дүниеге келген. 1976 жылы Жамбыл Педагогикалық институтын физика мамандығы бойынша бітірді.

                1976-1990 жылдары Қаратау қаласының орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі, Жамбыл ауданында орта мектептің директорының оқу тәрбие ісінің орынбасары, Амангелді орта мектебінің директоры, 1990-1998 жылдары Жамбыл аудандық білім бөлімінің меңгерушісі, 1998-2001 жылдары Жамбыл қазақ-түрік экономикалық колледжі директорының 1-орынбасары қызметтерін атқарды. 2001 жыл мамыр айынан бері гимназия директорлығы қызметінде. Тараз қалалық маслихаттың депутаты.

Білім беру жүйесіндегі ерен еңбектері үшін «Білім беру ісінің үздігі» атағы берілді, «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы» медалімен, ҚР «Құрмет» орденімен марапатталды.

 

Халық қаһарманы Қасым Қайсеновпен кездесу

 

«Бейбітшілік корпусының» волонтеры Скотт гимназияда 3 жыл ағылшын пәнінен дәріс берді

Последнее обновление 19.11.09 13:54  

Кіру

Фотоальбом

Мұрағат